Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма туралы || Жалпы ақпарат

Жалпы ақпарат

150011, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы,
Петропавл қаласы, Парк көшесі, 57 В.
Тел: 8/7152/53-36-20; Факс: 8/7152/ 53-36-31;
ush@sko.gov.kz; dsh@sko.kz.

Мiндеттерi:

  1. агроөнеркәсiптiк кешен салаларын тұрақты дамыту, олардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
  2. өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң көлемi мен сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
  3. мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру;
  4. қайта өңдеу өндiрiстерiн тұрақты дамыту және қолдау;
  5. агроөнеркәсiптiк кешеннiң ғылыми және технологиялық жедел дамуын қамтамасыз ету;
  6. бәсекеге қабiлеттi ғылыми әзiрлемелердi жасаудың, енгiзу мен таратудың және адам капиталын дамытудың тиiмдi жүйесiн құру;
  7. агроөнеркәсiптiк кешен салаларының қызмет көрсететiн инфрақұрылымын дамыту және техникалық жабдықтауды арттыру;
  8. өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк, салалық бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу;
  9. заңнаманы қолдану тәжiрибесiн талдау, оны жетiлдiру бойынша ұсыныстарды дайындау, өз құзыретi шегiнде облыс әкiмiнiң және әкiмдiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын әзiрлеу және дайындау.

Функциялары:

аграрлық секторда, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн дайындау, қайта өңдеу және сату саласында нарықтық құрылымдар мен бәсекелестiктiң қалыптасуына және дамуына жәрдемдесу;

астық нарығы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

табиғи-климаттық жағдайларды және рынок конъюнктурасын ескере отырып, астық өндiру құрылымын оңтайландыру және астықты өндiру, сақтау мен сату технологиясын жетiлдiру;

астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтi лицензиялау;

iшкi нарықтың мұнай өнiмдерiне қажеттiлiктерiн уақтылы қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдау;

облыста техникалық реттеу саласында сәйкестiктi растау бойынша қызметтер көрсету жөнiнде бәсекелестiк ортаны құру бойынша шаралар қабылдау;

бюджеттiк бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштар мен гербицидтердiң құнын арзандатуды жүзеге асыру;

астық қабылдау кәсiпорындарын бақылау, онда мыналар қамтылады:

бекiтiлген кестелерге сәйкес жаңа егiннiң астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсiпорындарын жыл сайынғы тексеру;

астық қабылдау кәсiпорындарын зерттеп-тексеру актiлерiн ресiмдеу;

Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлiгiнде алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұру;

тендерлiк негiзде:

iшкi нарықты реттеу мақсатында мемлекеттiк сатылатын және мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстарының астығын оларға өткiзу үшiн астықты қайта өңдеу ұйымдарын;

мемлекеттiк сатылатын және мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан өндiрiлген ұнды оларға өткiзу үшiн нан пiсiру ұйымдарын айқындау;

астықты қайта өңдеу ұйымдары iшкi нарықты реттеу мақсатында сатып алатын мемлекеттiк сатылатын және мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын оларға iшiнара өтеу;

астықты қайта өңдеу ұйымдарының мемлекеттiк сатылатын және мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстарының астығын нысаналы пайдалануын бақылау;

мемлекеттiк сатылатын және мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан өндiрiлген ұнның және нан-тоқаш өнiмдерiнiң шектi бағасын айқындау және астықты қайта өңдеу ұйымдарының, нан пiсiру ұйымдарының және көтерме-бөлшек сауда ұйымдарының оны сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау;

тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

уәкiлеттi органның қарауына элиталық тұқым өсiру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндiру мен өткiзу көлемi жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

«Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметiнiң басталғаны туралы хабарлаған байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшыларын есепке алуды жүзеге асыру;

облыс бойынша тұқымдар баланстарын жасау;

ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажеттi ақпаратты берудi қамтамасыз ету;

құзыретi шегiнде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдесу;

бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргiзу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдiстерi бойынша ұсыныстар енгiзу;

сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстiктердi байқаудан өткiзу, жерге егiп бағалау, зертханалық сұрыптық сынақтар, тұқым сапасына сараптама жүргiзу тәртiбiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

квоталар шегiнде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткiзудiң шектi бағасын белгiлеу;

субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбiр түрi бойынша жыл сайынғы квоталарды келiсу:

тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбiр субъект үшiн — бiрегей тұқымдар бойынша;

әрбiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк үшiн элиталық тұқымдар бойынша;

субсидияланған бiрегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылау;

байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;

ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

тиiстi куәлiк бере отырып, тұқым сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi зертханаларды аттестаттауды жүргiзу;

тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың ұсынысы негiзiнде:

субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлiгiнiң қолданысын;

тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапаларына сараптама жүргiзу жөнiндегi қызметтi тоқтата тұру;

тиiстi куәлiк бере отырып, тұқым шаруашылығы субъектiлерiн (тұқым сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi зертханаларды қоспағанда) аттестаттау;

қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;

өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсiлдермен қолдану бойынша қызметтi лицензиялау;

аграрлық секторды техникалық қайта жарақтандыруға жәрдемдесу, техниканы жаңартуға мониторинг жасау;

өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ғылыми-өндiрiстiк орталықтарымен, Республиканың ауыл шаруашылығы тәжiрибе станцияларымен және Ресей Федерациясының шекараға шектес өңiрлерiнiң ғылыми мекемелерiмен өзара әрекет жасауды ұйымдастыру;

ауыл шаруашылығындағы жергiлiктi тәжiрибенi және шетелдiк жетiстiктердi зерделеу және насихаттау;

агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

агроөнеркәсiптiк кешен салаларын мамандармен қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асыру, агроөнеркәсiптiк кешен кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;

шығарылатын өнiм түрлерi бойынша өңiрлiк көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;

азық-түлiк қауiпсiздiгi жай-күйiнiң, бағалардың және агроөнеркәсiптiк кешен өнiмдерi нарықтарының мониторингiн жүргiзу;

жануарларды қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттiк пункттердi, ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын, пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмiндiлердi) салуды, күтiп-ұстауды және реконструкциялауды қамтамасыз ету;

жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өз төлi есебiнен өсiру үшiн мал басын молықтыратын төл өсiрудi ұйымдастыру;

Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тiзбе мен тәртiпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөнiнде iс-шаралар жүргiзудi қамтамасыз ету;

мыналар:

iшкi және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң тиiстi ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз ету бойынша iс-шаралар әзiрлеу;

өңiрдiң азық-түлiкпен қамтамасыз етiлу теңгерiмiн жасау;

азық-түлiк тауарларының өңiрлiк тұрақтандыру қорын басқару жөнiндегi комиссияны құру;

азық-түлiк тауарларын сатып aлу бағдарламаларына қатысушыларды анықтау жөнiндегi комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;

өңiрдiң агроөнеркәсiптiк кешен саласында инновациялық тәжiрибенi тарату және енгiзу жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру;

өңiрдiң агроөнеркәсiптiк кешен саласында инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидаларын бекiту;

отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге өткiзiлген бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;

мыналар:

агроөнеркәсiптiк кешен салаларына инвестициялар мен екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттерiн тарту;

бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментiнiң халықаралық жүйесiне көшiру үшiн жағдай жасау;

мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуi үшiн жағдай жасау бойынша iс-шаралар әзiрлеу;

агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға агроөнеркәсiптiк кешен және ауылдық аумақтардың жай-күйi және олардың дамуы туралы ақпарат ұсыну;

асыл тұқымды мал шаруашылығын сақтау және дамыту бойынша облыстық бағдарламалар әзiрлеу;

асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын субсидияларды iске асыру;

бекiтiлген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердiң есебiн жүргiзу;

асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзу және басып шығару;

iрi қара мал тұқымдары жөнiндегi республикалық палаталардың ұсыныстарын ескере отырып, көрсетiлген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегiнде асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында әр субъект тұрғысында және әр түрi бойынша субсидиялауға жататын өткiзiлетiн асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) жыл сайынғы квотасын айқындау;

құндылығы жоғары асыл тұқымды малды тиiмдi пайдалануды ынталандыру мақсатында бағалау туралы деректердi қорыту және оның нәтижелерi туралы мүдделi тұлғаларды хабардар ету;

асыл тұқымды малдың, оның iшiнде тектiк қоры шектеулi тұқымдардың тектiк қорын сақтауға және қалпына келтiруге бағытталған iс-шараларды субсидиялауды жүзеге асыру;

астық қабылдау кәсiпорындарының: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу; астықты сақтау; астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу қағидаларын сақтауын бақылау;

Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау;

әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде астық нарығының мониторингiн жүзеге асыру;

астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттiк бақылау;

«Астық туралы» Заңның 28-бабының 2-тармағында көзделген негiздер болған кезде астық қабылдау кәсiпорнынан астықты көлiктiң кез келген түрiмен тиеп жөнелтуге тыйым салу;

астық қолхаттары тiзiлiмiнiң деректерiне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн инспекциялау (тексеру);

астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгiзу және мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы сотқа арыз беру;

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын бекiту;

астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғы мен сапасын және оның есептi деректерге сәйкестiгiн тексеру;

астықтың, оның iшiнде мемлекеттiк астық ресурстарының сандық-сапалық жай-күйiн бақылау;

астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару жөнiндегi комиссияның құрамына енгiзу үшiн кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жiберу;

мемлекеттiк астық ресурстарының көлемi, құрылымы, оларды қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану қағидалары жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру және (немесе) одан айыру туралы ұсыныстарды облыстың жергiлiктi атқарушы органына енгiзу;

астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

тұқым шаруашылығы субъектiлерiне және тұқым сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi зертханаларға уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен тиiстi куәлiк бере отырып, оларды аттестаттауды жүргiзу;

тұқымдардың мемлекеттiк ресурстарының саны-сапасы жағынан жай-күйiн бақылауды жүзеге асыру;

«Тұқым шаруашылығы туралы» Заңға сәйкес айқындалатын квоталар шегiнде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткiзудiң шектi бағасын белгiлейдi;

субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбiр түрi бойынша жыл сайынғы квоталарды:

тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбiр субъект үшiн — бiрегей тұқымдар бойынша айқындау;

Қазақстан Республикасының өсiмдiк шаруашылығы саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

агенттiң, қоғамның қызметiн, олардың Қазақстан Республикасының өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

сақтанушылардың мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы және қоғамның Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының және осы Заңның талаптарын сақтамауы туралы iстердi қарау;

өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан, агенттен және қоғамнан сұрату және алу;

өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттiң және қоғамның ұсыну нысаны мен мерзiмдерiн белгiлеу;

ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын жасауды, өткiзудi және олардың нарықтағы айналысын тоқтата тұру туралы нұсқама беру;

уәкiлеттi орган бекiткен қағидаларға сәйкес мақта нарығының мониторингiн жүргiзу;

уәкiлеттi органға стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды, мақта саласын дамыту жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру бойынша ұсыныстар енгiзу;

сотқа мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгiзу және оны мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы өтiнiш беру;

сарапшылық ұйымның мақта талшығының сапасына сараптама жүргiзу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларын сақтауын бақылау;

мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, күшiн жою және өтеу қағидаларын сақтауын бақылау;

тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын бекiту;

мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiм қабылдау;

мақта тұқымдарының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыруды қамтамасыз ету және басқару әрi олардың сандық-сапалық жай-күйiн бақылау;

сарапшылық ұйымның мақта талшығының сапасына сараптама жүргiзу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларын сақтауын жыл сайын бақылау;

мақтаның қауiпсiздiгi мен сапасы саласындағы мемлекеттiк бақылау;

аккредиттелген сынақ зертханаларының (орталықтарының) шиттi мақтаның сапасына сараптама жүргiзу және шиттi мақтаның сапасы туралы куәлiк беру тәртiбiн сақтауы жөнiндегi қызметiн техникалық реттеу және метрология жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен бiрлесiп бақылау;

өз құзыретi шегiнде биоотын айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

биоотын өндiрiсi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

биоотын өндiру зауытын салуға арналған техникалық-экономикалық негiздемеге салалық сараптама жүргiзу;

биоотын өндiрiсiнiң мониторингiн жүргiзу;

биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi органға биоотын өндiрiсi бойынша өндiрiстiк қуаттардың шектi көлемдерiн айқындау жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

бұзушылықтар анықталған (биоотын нарығына қатысушылар осы Заңның 20 және 21-баптарында көрсетiлген құжаттарды ұсынбаған не оларды зерделеу және талдау кезiнде бұзушылықтар анықталған) жағдайларда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың биоотын айналымы саласындағы жергiлiктi атқарушы органы мұндай бұзушылық анықталған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде биоотын нарығына қатысушыға хабарламаны табыс ету.

20.06.2017 15:52

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Инвесторларға қызмет көрсету секторы

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімeagro-trade

1401 Call-орталық

Яндекс.Метрика