Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма туралы || Басшылар туралы мәлімет

Басшылық

Басқарма басшысы

Қайрат Қайроллаұлы ОмаровСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң өкiмiмен Қайрат Қайроллаұлы Омаров 2015 жылғы 26 наурыздан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Қайрат Қайроллаұлы 1979 жылы 15 наурызда Көкшетау облысы Володар ауданы, Прекрасный ауылында туған.

«Фемида» Қарағанды заң академиясының Көкшетау филиалын, Көкшетау экономика және менеджмент институтын экономика бакалавры, заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы Айыртау ауданы Прекрасный орталау мектебiнде мұғалiм болудан бастады.

2004-2007 жылдар аралығында Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның әдiлет басқармасының жетекшi, бас маманы болып жұмыс iстедi.

2007-2008 жылдар аралығында Айыртау ауданы әдiлет басқармасының бас маманы болып қызмет атқарды.

2008-2012 жылдар аралығында «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан бойынша бөлiмiнiң бастығы болды.

2012 жылдан бастап осы тағайындауға дейiн Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмiнiң экономика және ауыл шаруашылығы жөнiндегi орынбасары қызметiн атқарды.

«Өзiңнен баста!» акция шеңберiнде

  1. Тiркелген жылжымайтын мүлiк жоқ;
  2. 2015 жылға жалақы 2 216 504 теңгенi құрады.

Басқарма басшысының орынбасары

Мұсақұлова Жанар Поселкеқызы

Мұсақұлова Жанар Поселкеқызы1967 жылы 16 қыркүйекте туды.

1988 жылы Алматылық халық шаруашылығы инстутитын бiтiрдi, экономист.

Шал ақын ауданында экономика және қаржы жүйесiнде қызмет iстедi, экономикалық мәселелер мен бюджет жөнiнде Шал ақын және М. Жұмабаев атындағы аудандарда аудан әкiмiнiң орынбасары болып iстедi.

2010 жылғы 29 мамырда Солтүстiк Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының бiрiншi орынбасары болып тағайындалды. Мына бөлiмдерге жетекшiлiк етедi: қаржыландыру және бухгалтерлiк есеп, талтау, жинақтау, жоспарлау, әкiмшiлiк құқық.

Басқарма басшысының орынбасары

Абдоллаев Алтынбек Тағайбекұлы

Абдоллаев Алтынбек Тағайбекұлы1962 жылы 08 наурызда туды.

Екi жоғары бiлiмi бар: 1984 жылы Алматы зооветеринарлық институтын бiтiрдi, ветеринарлық мал дәрiгерi; 2004 жылы Алматы экономика және статистика академиясын бiтiрдi, экономист.

Өз еңбек жолын Көкшетау облысының Чистополье селосында ветеринарлық мал дәрiгерi ретiнде бастады, сосын совхоздардың бас ветеринарлық дәрiгерi болып жұмыс iстедi. Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданы әкiмiнiң аппаратының басшысы, Мамлют, Қызылжар аудандардың әкiмiнiң орынбасары болып жұмыс iстедi. 2010 жылдан бастап ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылық өнiмiн қайта өңдеу мен маркетинг бөлiмiнiң бастығы болып жұмыс iстедi.

2012 жылғы 12 наурыздан Солтүстiк Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды. Мына бөлiмдерге жетекшiлiк етедi: мал шаруашылығы және асылдандыру iс; ауыл шаруашылық өнiмiн қайта өндеу мен маркетинг.

Басқарма басшысының орынбасары

Шакубаев Қуандық Нұрғазыұлы

Шакубаев Қуандық Нұрғазыұлы1968 жылғы 07 мамырда туды.

2003 жылы Көкшетау университетiн құқықтану мамандығы бойынша аяқтады.

Өз еңбек жолын 1990 жылы Возвышенка ауданының Бастомар ауылында құрылыс iсiнiң шеберi болып жұмыс iстей бастады. Кейiнгi жылдары Қуандық Нұрғазыұлы аудан әкiмдiктерiнде және әкiмшiлiк бөлiмдерiнде басшы қызметiнде жұмыс iстедi: Возвышенка, Қызылжар, М. Жұмабаев аудандарында.

2016 жылғы 15 желтоқсанда «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» КММ басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Мынадай бөлiмдерге жетекшiлiк етедi: агрономия, мемлекеттiк тұқым инспекциясы, мемлекеттiк астық инспекциясы, инженерлiк-техникалық инфрақұрылымы және мемлекеттiк техникалық инспекциясы.

13.03.2017 17:41

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Инвесторларға қызмет көрсету секторы

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімeagro-trade

1401 Call-орталық

Яндекс.Метрика