Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма туралы || Басқарма туралы ереже

Басқарма туралы ереже

Солтүстiк Қазақстан облысы
әкiмдiгiнiң 2016 жылғы
«31» тамыздағы № 333 қаулысымен
бекiтiлдi

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы
басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi Солтүстiк Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi коммуналдық мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында шоттары бар.

4. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.

5. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң орналасқан жерi: индексi 150011, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парк көшесi, 57 «В».

9. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнде сенбi және жексенбi екi демалыс күнi бар бес күндiк жұмыс аптасы кезiнде сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн жұмыс режимi, тынығу және тамақтану үшiн сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiс белгiленген.

10. Мемлекеттiк органның толық атауы — «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi:

мемлекеттiк тiлде: «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

орыс тiлiнде: коммунальное государственное учреждение «Управление сельского хозяйства акимата Северо-Казахстанской области».

11. Осы Ереже «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметi жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылады.

13. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау үшiн шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджет кiрiсiне жiберiледi.

2. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

14. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы:

Агроөнеркәсiптiк кешен салаларының экономикалық өсуiне және бәсекеге қабiлеттiлiктiң сапалы жаңа деңгейiне жетуiне жәрдемдесу мақсатында агроөнеркәсiптiк кешендi, аграрлық ғылымды дамыту саласындағы мемлекеттiң аграрлық саясатын iске асыру.

15. Мiндеттерi:

1) агроөнеркәсiптiк кешен салаларын тұрақты дамыту, олардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;

2) өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң көлемi мен сапасын арттыруды қамтамасыз ету;

3) мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру;

4) қайта өңдеу өндiрiстерiн тұрақты дамыту және қолдау;

5) агроөнеркәсiптiк кешеннiң ғылыми және технологиялық жедел дамуын қамтамасыз ету;

6) бәсекеге қабiлеттi ғылыми әзiрлемелердi жасаудың, енгiзу мен таратудың және адам капиталын дамытудың тиiмдi жүйесiн құру;

7) агроөнеркәсiптiк кешен салаларының қызмет көрсететiн инфрақұрылымын дамыту және техникалық жабдықтауды арттыру;

8) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк, салалық бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу;

9) заңнаманы қолдану тәжiрибесiн талдау, оны жетiлдiру бойынша ұсыныстарды дайындау, өз құзыретi шегiнде облыс әкiмiнiң және әкiмдiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын әзiрлеу және дайындау.

16. Функциялары:

аграрлық секторда, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн дайындау, қайта өңдеу және сату саласында нарықтық құрылымдар мен бәсекелестiктiң қалыптасуына және дамуына жәрдемдесу;

астық нарығы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

табиғи-климаттық жағдайларды және рынок конъюнктурасын ескере отырып, астық өндiру құрылымын оңтайландыру және астықты өндiру, сақтау мен сату технологиясын жетiлдiру;

астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтi лицензиялау;

астық қабылдау кәсiпорындарын бақылау, онда мыналар қамтылады:

бекiтiлген кестелерге сәйкес жаңа егiннiң астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсiпорындарын жыл сайынғы тексеру;

астық қабылдау кәсiпорындарын зерттеп-тексеру актiлерiн ресiмдеу;

Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлiгiнде алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұру;

тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

уәкiлеттi органның қарауына элиталық тұқым өсiру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндiру мен өткiзу көлемi жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

облыс бойынша тұқымдар баланстарын жасау;

ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажеттi ақпаратты берудi қамтамасыз ету;

құзыретi шегiнде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдесу;

бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргiзу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдiстерi бойынша ұсыныстар енгiзу;

сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстiктердi байқаудан өткiзу, жерге егiп бағалау, зертханалық сұрыптық сынақтар, тұқым сапасына сараптама жүргiзу тәртiбiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

квоталар шегiнде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткiзудiң шектi бағасын белгiлеу;

Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзу;

субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбiр түрi бойынша жыл сайынғы квоталарды келiсу:

тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбiр субъект үшiн — бiрегей тұқымдар бойынша;

әрбiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк үшiн элиталық тұқымдар бойынша;

субсидияланған бiрегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылау;

ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

тұқым шаруашылығы субъектiлерiн аттестаттау және уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен тиiстi куәлiк бере отырып, тұқым сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi зертханаларды аттестаттауды жүргiзу;

тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың ұсынысы негiзiнде:

субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлiгiнiң қолданысын;

тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапаларына сараптама жүргiзу жөнiндегi қызметтi тоқтата тұру;

өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсiлдермен қолдану бойынша қызметтi лицензиялау;

өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ғылыми-өндiрiстiк орталықтарымен, Республиканың ауыл шаруашылығы тәжiрибе станцияларымен және Ресей Федерациясының шекараға шектес өңiрлерiнiң ғылыми мекемелерiмен өзара әрекет жасауды ұйымдастыру;

ауыл шаруашылығындағы жергiлiктi тәжiрибенi және шетелдiк жетiстiктердi зерделеу және насихаттау;

агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

агроөнеркәсiптiк кешен субъектiсi инвестициялық салынымдар кезiнде жұмсаған шығыстардың бiр бөлiгiнiң орнын толтыру;

агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң қарыздарын кепiлдендiру кезiндегi комиссияның бiр бөлiгiнiң және қарыздарын сақтандыру кезiндегi сақтандыру сыйақыларының бiр бөлiгiнiң орнын толтыру;

бюджеттiк бағдарламаларға сәйкес минералды тыңайтқыштардың, тұқым улағыштар мен гербицидтердiң құнын отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерiне арзандатуды жүзеге асыру;

жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өз төлi есебiнен өсiру үшiн мал басын молықтыратын төл өсiрудi ұйымдастыру;

Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тiзбе мен тәртiпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөнiнде iс-шаралар жүргiзудi қамтамасыз ету;

мыналар:

iшкi және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң тиiстi ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз ету бойынша iс-шаралар әзiрлеу;

азық-түлiк қауiпсiздiгi жай-күйiнiң, бағалардың және агроөнеркәсiптiк кешен өнiмдерi нарықтарының мониторингiн жүргiзу;

шығарылатын өнiм түрлерi бойынша өңiрлiк көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;

әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң азық-түлiкпен қамтамасыз етiлу теңгерiмiн жасау;

агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегiнде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау;

өңдеушi кәсiпорындардың ауылшаруашылық өнiмiн тереңдете өңдеп өнiм өндiруi үшiн оны сатып алу шығындарын субсидиялау;

агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеудi жүргiзу;

агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар қызметiнiң мониторингiн жүзеге асыру;

өңiрдiң агроөнеркәсiптiк кешен саласында инновациялық тәжiрибенi тарату және енгiзу жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру;

өңiрдiң агроөнеркәсiптiк кешен саласында инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидаларын бекiту;

отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге өткiзiлген бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;

мыналар:

агроөнеркәсiптiк кешен салаларына инвестициялар мен екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттерiн тарту;

бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментiнiң халықаралық жүйесiне көшiру үшiн жағдай жасау;

мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуi үшiн жағдай жасау бойынша iс-шаралар әзiрлеу;

агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға агроөнеркәсiптiк кешен және ауылдық аумақтардың жай-күйi және олардың дамуы туралы ақпарат ұсыну;

асыл тұқымды мал шаруашылығын сақтау және дамыту бойынша облыстық бағдарламалар әзiрлеу;

асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

бекiтiлген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердiң есебiн жүргiзу;

асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзу және басып шығару;

iрi қара мал тұқымдары жөнiндегi республикалық палаталардың ұсыныстарын ескере отырып, көрсетiлген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегiнде асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында әр субъект тұрғысында және әр түрi бойынша субсидиялауға жататын өткiзiлетiн асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) жыл сайынғы квотасын бөлу;

асыл тұқымды малдың, оның iшiнде тектiк қоры шектеулi тұқымдардың тектiк қорын сақтауға және қалпына келтiруге бағытталған iс-шараларды субсидиялауды жүзеге асыру;

астық қабылдау кәсiпорындарымен қағидаларды сақтауын бақылау;

астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу; астықты сақтау;

Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу;

Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау;

әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде астық нарығының мониторингiн жүзеге асыру;

астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттiк бақылау;

«Астық туралы» Заңның 28-бабының 2-тармағында көзделген негiздер болған кезде астық қабылдау кәсiпорнынан астықты көлiктiң кез келген түрiмен тиеп жөнелтуге тыйым салу;

астық қолхаттары тiзiлiмiнiң деректерiне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн инспекциялау (тексеру);

астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгiзу және мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы сотқа арыз беру;

Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiк кодексiне сәйкес тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын бекiту;

астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғы мен сапасын және оның есептi деректерге сәйкестiгiн тексеру;

астықтың сандық-сапалық жай-күйiн бақылау;

астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару жөнiндегi комиссияның құрамына енгiзу үшiн кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жiберу;

астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру және (немесе) одан айыру туралы ұсыныстарды облыстың жергiлiктi атқарушы органына енгiзу;

астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

тұқым шаруашылығы субъектiлерiне және тұқым сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi зертханаларға уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен тиiстi куәлiк бере отырып, оларды аттестаттауды жүргiзу;

Қазақстан Республикасының өсiмдiк шаруашылығы саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

агенттiң, қоғамның қызметiн, олардың Қазақстан Республикасының өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

сақтанушылардың мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы және қоғамның Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының және осы Заңның талаптарын сақтамауы туралы iстердi қарау;

өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан, агенттен және қоғамнан сұрату және алу;

өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттiң және қоғамның ұсыну нысаны мен мерзiмдерiн белгiлеу;

ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын жасауды, өткiзудi және олардың нарықтағы айналысын тоқтата тұру туралы нұсқама беру;

17. Құқықтары мен мiндеттерi:

мемлекеттiк органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан белгiленген тәртiппен қажеттi ақпарат сұрату және алу;

агроөнеркәсiптiк кешендi дамытудың өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлеп, жергiлiктi өкiлдiктi органдарға (мәслихаттарға) бекiтуге ұсыну және олардың iске асырылуына мониторинг жасау;

қолданыстағы заңнамаға, мемлекеттiк, салалық (секторалдық), өңiрлiк бағдарламаларға және осы саладағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау жөнiнде ұсыныстарды әзiрлеу;

агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне мемлекеттiк агроазық-түлiк саясатының негiзгi бағыттары мен тетiктерiн түсiндiру жұмысын үйлестiру;

ауыл шаруашылығы өнiмi өндiрiсiн дамытудың орташа мерзiмдi жоспарларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

облыстың агроөнеркәсiптiк кешенi саласында инновациялық тәжiрибенi тарату және енгiзу жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру;

азық-түлiк тауарларының өңiрлiк тұрақтандыру қорын басқару жөнiндегi комиссия құру;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да құқықтары мен мiндеттерi.

3. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн ұйымдастыру

18. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне басшылықты «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

19. Бiрiншi басшыны Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады.

20. «Солтүстiк Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметiнен босатылатын орынбасарлары болады.

21. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi бiрiншi басшысының өкiлеттiктерi:

1) құрылымдық бөлiмше басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;

2) «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;

3) «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн көтермелеу мәселелерiн шешедi және тәртiптiк жазалар қолданады;

4) «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң бұйрықтарына қол қояды, сондай-ақ «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерi орындауға мiндеттi нұсқаулар бередi;

5) мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң атынан өкiлдiк етедi;

6) «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнде мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етедi;

7) ерлер мен әйелдердiң тең құқықтары мен тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етедi;

8) «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына дербес жауапты болады;

9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысы болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның өкiлеттiктерiн оны алмастыратын адам атқарады.

22. Бiрiншi басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындайды.

Басшының орынбасарлары:

1) өз өкiлеттiктерi шегiнде қызметтi үйлестiредi;

2) басшы болмаған кезеңде басқарма қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады және «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады;

3) басшылық жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

23. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлкi болуы мүмкiн.

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

24. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

25. Егер өзгесi заңнамада белгiленбесе, «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне берiлген қаражат есебiнен сатып алған мүлiктi өз еркiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

26. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қарамағында ұйымдар мен ведомстволар жоқ.

17.05.2017 17:29

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Инвесторларға қызмет көрсету секторы

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімeagro-trade

1401 Call-орталық

Яндекс.Метрика