Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Астық иесімен астық қабылдау кәсіпорнындағы даулы жағдайдағы келіспеушіліктерді шешу тәртібі

14.09.2017

Астық иесімен астық қабылдау кәсіпорнындағы даулы жағдайдағы келіспеушіліктерді шешу тәртібіҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 19 маусымдағы № 4-1/546 бұйрығымен бекiтiлген астықтың сандық-сапалық есепке алуды жүргiзу қағидаларының 8-параграфы 64-бабына сәйкес астық иесi немесе материалды-жауапты тұлға бұл талдаумен келiспеген жағдайда, олардың қатысуымен астыққа қайтадан талдау жүргiзiледi.

Қайталама талдау нәтижелерiмен келiспеген жағдайда iрiктелген сынама:

1) қосарланған полиэтилен пакетiмен түйiп-буылады, ол мынадай ақпараты бар заттаңбамен мөрленiп жабылады:

 

  • дақылдың атауы;
  • астық иесiнiң атауы;
  • астық қабылдау кәсiпорнының атауы;
  • жөнелту пунктi;
  • партия массасы;
  • сынама iрiктелген күнi;
  • сынама салмағы;
  • сынаманы iрiктеген ӨТЗ маманының тегi;
  • жергiлiктi атқарушы органы маманының тегi;
  • ӨТЗ маманының, астық иесi мен жергiлiктi атқарушы орган маманының қолдары;

2) ӨТЗ астық талдау карточкасымен және астық иесiнiң өтiнiмiмен бiрге сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген астық сапасын сараптау жөнiндегi зертханаға (бұдан әрi — аккредиттелген зертхана) үш тәулiк iшiнде жолданады.

Сынамалар астық сапасының сақталуын қамтамасыз ететiн жағдайда тасымалданады.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Инвесторларға қызмет көрсету секторы

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімeagro-trade

1401 Call-орталық

Яндекс.Метрика