Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Солтүстік Қазақстан облысының АӨК 2017 жылғы қаңтар-шілдеге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы ақпарат

01.08.2017

Солтүстік Қазақстан облысының АӨК 2017 жылғы қаңтар-шілдеге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы ақпарат

СҚО статистика департаментінің мәліметтері бойынша:

  • 2017 жылғы қаңтар-шілде аралығында нақты көлем индексі 101,9% болып, 81217,4 млн. теңгені құрады, соның ішінде өсімдік ауыл шаруашылығын дамыту бойынша — 5718,5 млн. теңге немесе 100,0%, мал шаруашылығы — 75443,8 млн. теңге немесе 101,3%.
  • 2017 жылғы қаңтар-шілде аралығында ауыл шаруашылығы негізгі капиталына 32,4 млрд. теңге сомаға инвестициялар салынды немесе 123,9%.

2016 жылы еңбек өнімділігі 2305,2 мың теңге немесе 119,3% құрады.

Өсімдік шаруашылығы.

Егіс алқаптарының құрылымына сәйкес 2017 жылы барлық егіс алқабы 4222,8 мың га құрайды. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар алқабы 2963,1 мың га, оның ішінде бидай — 2295,5 мың га. Майлы дақылдар 712,2 мың га, бұл өткен жылмен салыстырғанда 200,1 мың га артық, азықтық дақылдар алқабы 513,7 мың га. Картоп — 27,5 мың га, көкөністер — 5,3 мың га құрайды. Қант қызылшасы 0,4 мың га.

Ағымдағы жылы облыс ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 100 мың тонна минералды тыңайтқыштарды сатып алу жоспарының 94 мың тоннасына немесе 94%-на келісім-шарттарын жасады. Бүгінгі таңда зауыттарға 66,7 мың тонна немесе бекітілген көлемнің 71% төленген, шаруашылықтарға 59,2 мың тонна немесе 63% жүктелген.

Техникалық жабдықтау.

2017 жылы облыс агроқұрылымдары 31,2 млрд. теңге сомасына 1133 жаңа техника бірлігі мен құралдар, оның ішінде лизингке 19,1 млрд. теңге сомасына 452 бірлік техника бірлігі мен құрал сатып алу жоспарланған.

2017 жылғы 1 тамызға облыс агроқұрылымдары 10,5 млрд. теңге сомасына 782 жаңа техника бірлігі мен құралдар, оның ішінде лизингке 3,9 млрд. теңге сомасына 153 бірлік техника бірлігі мен құрал сатып алынған.

2017 жылы Жамбыл ауданында «Қызыл агро» ЖШС сыйымдылығы 12,0 мың тоннаны құрайтын, 180,5 млрд. теңге инвестиция жұмылдырылып 1 НҚК қолданысқа беру жоспарланған.

Облыс бойынша астықты сақтау сыйымдылығы 6,6 млн. тоннаны құрайды, оның ішінде 52 лицензияланған НҚО 3,5 млн. тоннаға және агроқұрылымдарда 3,1 млн. тоннаны құрайды.

Күзгі-дала жұмыстарын жүргізуге ҚР Үкіметімен 65 мың тона дизель майы бөлінді, 75 мың тонна көлемінде дизель майы бөлінген (1 литрі 137 теңге).

Шілде айына жүктеу бойынша жоспар 30,0 мың тоннаны құрайды.

Ағымдағы жылдың 1 тамызына зауыттардан 20480 тонна немесе жоспардың 68,3% жүктеліп, 21100 тонна немесе жоспардың 70,3% төленген. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.

Мал шаруашылығы.

СҚО Статистика департаментінің мәліметтері бойынша 2016 жылғы қаңтар-шілдеде:

Мал шаруашылығы өнімінің өндіріс көлемі:

  • тірідей салмақта ет — 44,4 мың тонна өндірілді немесе 102,0%;
  • сүт — 322,7 мың тонна немесе 103,4%,
  • жұмыртқа — 394,6 млн. дана немесе 112,0%.

Ауыл шаруашылығы жануарларының басы:

  • ірі қара мал — 401,4 мың бас немесе 102,5%,
  • қой мен ешкі — 441,6 мың бас немесе 101,7%,
  • жылқы — 127,8 мың бас немесе 102,9%,
  • шошқа — 174,3 мың бас немесе 95,2%,
  • құс саны — 5142,9 млн. бас немесе 106,8%.

Ағымдағы жылы облыс агроқұрылымдары 32000 мың ірі қара мал басын, 26000 мың бас қой, 20350 бас шошқа сатып алу жоспарланған. Сонымен қатар, толығымен алғанда облыс бойынша 5200 сиыр басына әрбір ауданға бір сүт кешені мен бір қазіргі заман талаптарына сай сүт-тауарлық ферма салу тапсырылған.

Мал шаруашылығы бағдарламларын орындау жұмыстары жалғасуда.

2017 жылғы 1 тамызға облыс ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен 12222 ірі қара мал басы немесе тапсырманың 38,2% сатып алынған.

  • «Сыбаға» бағдарламасы бойынша — 943 мал басы немесе 36,3% (тапсырма — 2600 бас) сатып алынды.
  • «Құлан» бағдарламасы бойынша — 237 жылқы басы немесе 18,2% (тапсырма — 1300 бас) сатып алынды.
  • «Алтын асық» бағдарламасы бойынша — 264 қой немесе 8,1% (тапсырма — 3250 бас) сатып алынды.
  • «Ырыс» бағдарламасы бойынша сүт-тауарлық фермаларды салу үшін 200 мың ІҚМ басына 3 өтінім қаржыландырылды.

Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу.

Статистика мәліметтеріне сәйкес тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінде 122 кәсіпорын тіркелген.

2017 жылғы қаңтар-шілде аралығында тамақ өнімдерін өндіру көлемі ақшалай 50,7 млрд. теңгені немесе 101,7% құрады (өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 10%-ға артық).

Облыста сүтті қайта өңдеу қуаттылығы жылына 292 мың тоннаны құрайтын 14 сүтті қайта өңдеу кәсіпорндары жұмыс атқаруда.

2016 жылы кәсіпорындармен 255 мың тонна сүт қайта өндірілген, жүктелімі 87% құрады.

669 елді-мекеннің 490 елді мекені сүт қабылдаумен қамтылған, бұл 73% құрайды. Аудандарда салқындатықышы бар 110 сүт сатып алу пункті жұмыс атқарып жаңадан салынуда.

2016 жылы Ресей Федерациясына 5700 тонна сүт өнімі экспортталған (Бүгінгі таңда сүт өнімдерін «Молпродукт» ЖШС, «Зенченко и К» КС, «Тайынша Астық» ЖШС экспорттайды).

Қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және 2016-2020 жылдарға тамақ өнеркісібі мен ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу Картасы әзірленген. Картаның аясында 191,5 млрд. теңге сомасына 3396 жұмыс орнын құрумен 64 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

2017 жылға 29,7 млрд. теңге сомасына 770 жұмыс орындарын құрумен 24 жобаны іске қосу жоспарланған болатын.

Анықтама: 2016 жылы барлығы 7,8 млрд. теңге сомасына 20 жоба іске қосылып, 270 жұмыс орны құрылды.

Жыл басынан 2 жоба жүзеге асырылған:

  • Тайынша ауданында сүтті қайта өңдеу бойынша «LERA NORD» ЖШС — қуаттылығы жылына 547 тонна және 15 жұмыс орны құрылған.
  • Есіл ауданында макарон өндірісі бойынша «Егін» ЖШС — тез пісетін кеспе өндірісін ашты, қуаттылығы жылына 170 тонна және 6 жұмыс орны құрылды.

АӨК мемлекеттік қолдау.

2017 жылы ауыл шаруашылығы саласын қолдау үшін 43,9 млрд. теңге сомасында субсидия түрінде мемлекеттік қолдау қарастырылған, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 39,3% немесе 12,4 млрд. теңгеге артық.

Олардың ішінде өсімдік шаруашылығы саласын дамытуға — 15,8 млрд. теңге, мал шаруашылығына — 7,3 млрд. теңге, басқа бағыттарға — 20,8 млрд. теңге.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Инвесторларға қызмет көрсету секторы

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімeagro-trade

1401 Call-орталық

Яндекс.Метрика